Біз туралы
Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Облыстық мәдени-сауық және шығармашылық ғылыми-әдістемелік орталығы» КМҚК-ның сайтына қош келдіңіздер. Сіздердің назарларыңызға орталықтың және Ұлытау облысының мәдени-сауық ұйымдары мен шығармашылық ұжымдарының қызметі туралы толық ақпарат ұсынылған.

Жаңалықтар




Жолашарова Гулнур Данбаевна
Лауазымы: Басшы
Өмірбаяны
Толығырақ
Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Облыстық мәдени - сауық және шығармашылық ғылыми - әдістемелік орталығы» КМҚК басшысы. 27 сәуір1972 жылы Қарағанды облысы, Жезді ауданы, Жетіқоңыр совхозында дүниеге келген. Ұлты: қазақ. Академик Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің тарих факультеті (1997ж.) Балқаш педагогика училищесінің музыкалық тәрбие мамандығы бойынша үздік бітірген (1993ж.) Жалпы жұмыс өтілі: 34 жыл, саладағы жұмыс өтілі: 26 жыл Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 1 жыл 5 ай 1996 - 2015 жылдары музей саласындағы ұзақ жылғы еңбегі бағаланып 2013 жылы Жезқазған қаласы әкімінің «Үздік музей қызметкері» атағымен марапатталған. 2017 - 2022 жылдары еліміздегі діни эктремизм мен терроизмге қарсы профилактика жүргізетін Жезқазған қаласының ішкі саясат бөліміне қарасты «Конфессияаралық қатынастар проблемаларын зерттеу және анализдеу орталығы» КМО директоры болып, 2017 - 2021 жылдар мен 2018 - 2022 жылдарға арналған «Дін саласындағы Мемлекеттік бағдарламаны» іс жүзіне асыруға ат салысқан.
Жемісті еңбегі үшін 2020 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталған. 2022 жылы Мәдениет саласына қайта оралып, жаңадан ашылған Ұлытау облысының «Облыстық мәдени - сауық және шығармашылық ғылыми - әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына конкурстық негізде басшы болып тағайындалған Гүлнұр Данбайқызы жаңадан ашылған «Халық шығармашылық ғылыми - әдістемелік орталығының» ұйымдастыру жұмыстарымен қатар мекеменің құрылып - қалыптасуы барысында нағыз ұйымдастырушылық шеберлігі мен мол тәжірибесінің арқасында жаңа орталықты кәсіби кадрлармен жасақтап, қиындықтарды жеңіп, ел қатарлы мекеме дәрежесіне көтерді. Халық шығармашылығы орталығының материалдық - техникалық базасы толығымен нығайтылды.
Жалпы облысымызда мәдени - көпшілік жұмыстарды ұйымдастырудың пәрменділігі артты. Оның айғағы, былтыр ХХХІ республикалық дәстүрлі «Ұлытау үні» фестивалі аясында өткен Ақындар айтысы, Жыршы - термешілер байқауы, Дәстүрлі әншілер байқауы, Күйшілер байқауы, Көркемсөз шеберлерінің байқауы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші - сазгер Қорабай Есеновтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеші, Бала Тайжан атанған айтыскер ақын, өлкетанушы, Халықаралық «Шыңғыс хан» академиясының академигі Бақытжан Байжантаевтың 50 жылдығына арналған поэзия кеші өтті.
Сонымен қатар металлург - ақын, Халықтар достығы, Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерінің иегері Салык Асатовтың өзі ірге тасын қалаған Жәйрем қаласында 90 жылдық мерейтойына арналған мәдени - көпшілік іс - шаралары, жеке заттарының экспозициялық көрмесі, шахмат пен стол теннисінен спорттық жарыстар өткіздік. Бүкілодақтық және республикалык байқаулардың лауреаты әнші Әбдіуахит Елібаевтың 70 жылдығына арналған шығармашылық кеші, көптен ұмытыла бастаған бардтардың республикалық байқауы жаңғырып, 2 күн бойы «Медные струны Жезказгана» деген атпен жоғары деңгейде өтті. Жаңадан ашылған Ұлытау облысы Мәдениет үйлері мен клубтарының арасында бірінші рет «Өнер патшалығы» атты байқау, көркемөнерпаздар ұжымдары арасында «Ұлы дала өнері» атты байқау өтіп жеңімпаздар анықталып, қомақты қаржылай сыйлықтарға ие болды.
Бұл көптен елеусіз қалған мәдениет ошақтары мен көркемөнер ұжымдарына соны серпіліс берді. Сонымен қатар Ұлытау халқына «Жұлдыздар Жезқазғанда» атты айдармен Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Еңбек Ері Роза Рымбаеваның тегін концерті, театр және кино актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, профессор, «Қазақтың Қыз Жібегі» Меруерт Өтекешовамен халықтың кездесу кештері өте жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Облыстағы кембағалдар мен мүгедек жандандарға арналған «Үміттің алқызыл желкені» атты мәдени - қайырымдылық іс - шарасы өткізіліп, мүгедектердің өздеріне бейімделген арнайы, қолжетпейтін өте қажетті сыйлықтармен марапатталып, алғыстарын білдірді.
«Мемлекетіміздің негізін құрайтын жанұялар» десек оларға арналған облыстық «Үлгілі жанұя» мерекелік шарасы да Гүлнұр Данбайқызының идеясымен жаңа үлгіде, ерекше естелік сыйлықтарымен есте қаларлық кеш болып өткені көпшілік көрермендерге аян. Марапаттары: Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» 2024 ж. Мәдениет министрі А.Ораловтың «Алғыс хаты» 2023 ж. Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» МКҰ «Алғыс хаты» 2023ж. «Тәуелсіз ел жастары» ҚҚ «Алғыс хаты» 2023ж. Гүлнұр Данбайқызы облыстың қоғамдық - саяси өміріне белсене ат салысады. Республикалық 3 тілде шығатын мәдени - танымдық, ғылыми «QAZAQTANU» журналының редколлегия мүшесі. Тұрмыста, екі баланың анасы. Үлгілі отбасы.
