
2023 жыл бойынша өткізілген іс-шаралар
07.11.2024
Ұлытау облысында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған театрландырылған көрініс өтті
07.11.20242023 жылдың 28 сәуір күні сағат 11.00-де Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде «Облыстық мәдени-сауық және шығармашылық ғылыми-әдістемелік орталығы» КМҚК-ның ұйымдастыруымен 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған концерт өтті.
Достық пен ынтымақты, татулық пен тұрақтылықтың мерекесіне арналған концертке Ұлытау облысының тұрғындары жиналды. Концерт «Шалқыма» би ансамблінің «Достық» хореографиялық композициясымен басталды. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Серік Оспановтың орындауында «Дала дастан» әнімен жалғасты. Жезқазған музыкалық колледжінің студентері «Халықтар достығы» поэтикалық сәтте ұлттардың татулығын жырға қосып, әншілер қырғыз, өзбек, түрік, чуваш әндерін шырқады. Соңымен қатар концерте «Диндалле» халықтық ансамблі корей ұлттық биі «Korean danse», «Любысток» халықтық ансамблі украин әні «Смэрэко» орындалып, Т.Қалмағамбетов атындағы филармония жанынан құрылған хор «Туған елім» әнімен концертті аяқтады. Концерт соңында мерекелік отшашу қосылып және Ұлытау облысы әкімінің «Ықылас гүлі» әкелінді.







