
2024 жыл бойынша өткізілген іс-шаралар
09.11.2024
«Көш керуен» шеруі Наурыз мерекесін тойлау аясында өтті
09.11.2024«Облыстық мәдени — сауық және шығармашылық ғылыми-әдістемелік орталығы» КМҚК-ның және «QAZAQTANU» ғылыми-зерттеу институты» арасындағы өзара ынтымақтастық туралы
меморандумға қол қойылды.
Тараптардың өзара қарым-қатынасы бойынша келесідей басым бағыттары бар:
— «Ұлытау өрнегі» порталын ашу және порталды тиісті деңгейге жеткізуге атсалысу;
— мәдениет, халық шығармашылығы және өзге де мәдениетке қатысты өзге ұлт өкілдерімен тәжірибе алмасу, сонымен қатар олардың мәдениетін зерттеу;
— бірлескен ғылыми жобаларға, халықаралық, республикалық, облыстық, өңірлік мәдени іс-шараларға қатысу, олардың нәтижелерін жариялау;
— ғылыми, мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге өзара әрекет ету, әр түрлі іс-шараларда, оның ішінде концерттер, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, марапаттау рәсімдері, белгілі тұлғалармен кездесу кештері, танымдық кештерді өткізу бойынша ынтымақтастық;
— бағдарламалар, көп жақты қатынастар мен байланыстар шеңберінде жалпы іс-шараларға тиісті ақапараттандыру жұмыстарын жүргізу, іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысу және өзара қолдау; Халық шығармашылығы мен мәдениетімізді дамыту жолындағы игі бастамамыз берекелі де жемісті болсын!

