
Ұлытау облысында отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған «Берекелі шаңырақ» фестивалі өтті
09.11.2024
Жезқазғанда «Қазақтың Қыз Жібегі» атты кездесу кеш-концерті өтті
09.11.2024Республика күні мерекесіне орай 24 қазан күні Достық үйінде облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлының қатысуымен салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, облыстың дамуына үлес қосқан ел ағалары мен азаматшалары лайықты атақтармен марапатталды
Республика күніне орай қазақ эстрадасының жұлдыздары Жанболат пен Жазира, Еламан Маженов; Жезқазғанның тумасы, Айман Мұсаходжаеваның шәкірті, «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің жеңімпазы және Президент Кубогының иегері, скрипкашы Жібек Мусургалиева; Аружан Жакупбекова; Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, І, ІІ, ІІІ бүкілодақтық халық шығармашылығы байқауларының лауреаты Серік Оспанов; Австрия мемлекетінде өткен «Зальдцбург — стар» халықаралық конкурсының лауреаты, Тайжан Қалмағамбетов атындағы филармония әншісі Эльмира Дәулетова; Корея мемлекеті Сеул қаласында өткен халықаралық жарыстардың чемпиондары, республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегерлері, спорттық би және чир-спорт бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасының мүшелері, спорттық би бойынша «Спорт шеберінің кандидаттары» атағының иегерлері «AisDance» би мектебі және халықаралық, республикалық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпаздары «Дамира» би ансамблі өнер көрсетті. Кеш соңында Т.Қалмағамбетов атындағы филармония әншісі Дильназдың орындауында «Қазақ елі осындай» әні шырқалып, мерекелік бағдарлама суық отшашумен аяқталды. Өнерпаздар халықтың ыстық ықыласына бөленді.










