
«Ұлытау үні» фестивалі және Республикалық ақындар айтысы
09.11.2024
«Алтын орда аманаты» республикалық мультиаспапшылар байқауы
09.11.2024Халық шығармашылығының Республикалық ХХХІІ «Ұлытау үні» фестивалі аясында Сәтбаев қаласының Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, сазгер Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «Сарыарқа саңлақтары» атты республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтті. Алғаш рет өткізілген Республикалық өнер додасына барлық облыстан 23 өнерпаз қатысты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік Жастар сыйлығының иегері, әнші-ұстаз – Жақсыгелді Кемалов бастаған Республикаға кеңінен танымал дәстүрлі ән майталмандары Айгүл Қосанова мен Клара Төленбаева, жерлестеріміз Ғадым Мұхамедин мен Қайрат Әбеуов байқауға төрелік етті.
Қазылар алқасының шешімімен 23 қатысушының 13-і іріктеу кезеңінен ІІ кезеңге өтті. Шешуші кезеңде үздік өнер көрсеткен қатысушылар қазылар алқасының төмендегідей шешімімен жүлделі орындарға ие болды:
Бас жүлдені және 1 000 000 теңгелік қаржылай сертификатты Жандос Сыздықов – Ұлытау облысы;
І орын мен 800 000 теңгелік қаржылай сертификатты – Камал Майданов Астана қаласы;
ІІ орын мен 600 000 теңгелік қаржылай сертификатты – Мадяир Өмірғалы – Алматы қаласы;
ІІІ орын мен 400 000 теңгелік қаржылай сертификаттармен 2 қатысушыны: Мадияр Мақсутов – Ұлытау облысы; Таңат Мұқашев – ШҚО.
100 000 теңгелік қаржылай сертификатпен 6 қатысушы «Дипломант» атанды:
1. Мөлдір Смайл – Қарағанды облысы;
2. Кенесары Бұдғанбаев – БҚО;
3. Бексұлтан Барақбай – Ұлытау облысы;
4. Ербол Альхожин – Ұлытау облысы;
5. Айбек Рымғали – Астана қаласы;
6. Фархат Жәкіш – Ұлытау облысы.
90 000 теңгелік қаржылай сертификатпен И.Омаров атындағы арнайы жүлдеге Қарағанды облысынан Ерсұлтан Ахметов және Г.Ақпанова атындағы арнайы жүлдеге Ақмола облысынан Жанар Сақтағанова ұсынылып, ынталандыру сыйлығымен қалған 10 қатысушының әрқайсысына 70 000 теңгелік қаржылай сертификат табысталды.






