
«Ұлытау үні» фестивалінің қорытынды Гала концерті өтті
09.11.2024
Ұлытау облысында мәдениет қызметкерлеріне арналған семинар-практикум өтті
09.11.2024Ағымдағы жылдың 8-маусым күні І облыстық «Ұлытау жұлдызы» атты балалар шығармашылығының фестивалі өтті. Фестивальге облысымыздың талантты балалары үздік өнерлерін көрермен назарына паш етті.
Жалпы 90 өнерпаз қатысқан іс-шара тізгінін Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрынан арнайы шақыртумен келген әртістер ұстап, балаларға түрлі ойындар ойнату әдістемесімен кешті өте жоғары дәрежеде жүргізді. Фестиваль қатысушыларына арнайы әзірленген бағдарлама тарихи-археологиялық музейіне экскурсиясымен жалғасын тауып, Серке театрының балаларға арналған «Лео» қойылымын тамашалаған қатысушылар одан әрі «Азия» ойын-сауық орталығына жол тартты. Фестиваль аясында ұйымдастырылған бұл бағдарлама ұйымдастырушылар тарапынан қаржыландырылып, өнерпаз балаларға поп-корн мен балмұздақ таратылды.
Фестивальге келген әр өнерпаз бағалы сыйлықтармен және дипломмен марапатталып, ұйымдастырушылар ата-аналар мен жетекшілер тарапынан зор алғысқа ие болды.









