
«Ұлытау облысы мәдениет мекемелерінің жұмысын жандандыру мәселелері талқыланған облыстық семинар өтті»
09.11.2024
«Ұлытау үні» фестивалінде Ш.Ділдебаевтың құрметіне арналған термешілер байқауы өткізілді»
09.11.20241 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Ұлытау облысы әкімдігінің қолдауымен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Еркетай» фестивалі өтті.
Фестивальдің мақсаты-мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың рухани – адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, мектеп жасына дейінгі өнерлі, талантты балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету болып табылады.
Облыс көлемінде ұйымдастырылған фестивалға жалпы саны 145 бала қатысты. Фестиваль қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтар табысталды. Әділқазылар алқасының шешімімен жүлделі орындарға вокал номинациясы бойынша:
Иса Аяулым (Жаңаарқа ауданы), Жақып Айдар (Байқоныр ауылы)3-орын иеленді;
Төлеубаева Аяулым (Талап ауылы) 2-орын иеленді;
Сұлтан Аяла, Құсайынова Айлин (Сәтпаев қаласы) 1-орын иеленді;
Оразбек Айша (Жезқазған қаласы) Бас жүлде.
Хореография жанры бойынша:
«Қарлығаш» бөбекжайы (Жанаарқа ауданы), «Балапан» бөбекжайы (Сәтпаев қаласы) 3-орын иеленді;
«Самира» би студиясы (Жезқазған қаласы) 2-орын;
«Балдаурен» бөбекжайы (Сәтпаев қаласы) 1-орын;
«Нұрби» ансамбілі (Жайрем кенті) — Бас жүлде иегері атанды.





