
І облыстық «Ұлытау жұлдызы» балалар шығармашылығының фестивалі өтті
09.11.2024
Ұлытау облысында «Көкмайса — ұлттық тағамдар мен салт-дәстүрлер» фестивалі өтті
09.11.2024Ағымдағы жылдың 20-21 маусым күндері аралығында Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында Ұлытау облысының мәдениет қызметкерлеріне арналған «Мәдени-тынығу жұмысының теориясы мен практикасы» атты облыстық семинар-практикумы өтті. Семинарға облысқа қарасты қалалық, аудандық мәдениет ошақтарының басшылары мен әдіскерлері, көркемдік жетекшілері мен іс-шара ұйымдастырушылары, фольклорлық ансамбль жетекшілер мен солистері, сондай-ақ хореограф мамандары қатысты.
Семинардың алғысөзі облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы Гүлнұр Данбайқызына берілді.
Орталық басшысы семинар қатысушыларымен тәжірибе алмасар ауқымды іс-шараларымен бөлісіп, алдағы уақытта жұмыс жасаудың жаңа әдістемесін енгізу бойынша ұсыныс жасады.
Семинардың ашылу салтанатынан кейін мәдениет қызметкерлері кофе-брейкке өтіп, «Ұлытау үні» фестивалі аясында тұңғыш рет өткен «Мультиаспапшылар» байқауы мен «Жанды экспозиция» көрмесінен үзінді бейне, фото материалдарды тамашалады.
Аталмыш іс-шара арнайы Алматы қаласынан шақыртылған практик-психолог, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің аға оқытушысы Ақмарал Абдукееваның психологиялық тренингімен жалғасын тапты. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, “Арқа сазы” фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі, дирижер Байғара Садуақасов семинарға қатысушы фольклорлық ансамбль жетекшілері мен солистеріне шығармаларды талдау, нота оқу бойынша теориялық-практикалық дәріс өткізді.
Сондай-ақ, хореограф мамандарына өңірімізге белгілі “Маюри” би тобының жетекшісі Бақыт Уалиева хореографиялық композиция қою бойынша теориялық-практикалық дәріс өткізді.
“Өнертану және арт-менеджмент” кафедрасының аға оқытушысы, “Мәдениет саласындағы басқару қызметі” бағытындағы 20-дан аса оқу бағдарламасының авторы, “Мәдениет саласының үздігі”, “Халық алғысы” мемлекеттік төсбелгісінің иегері, продюсер, “Тұран” фольклорлы-этнографиялық ансамблінің және “Steppe Sons” топтарының негізін қалаушы және белді мүшесі Серік Нұрмолдаевтың дәрісімен аяқталды.









