
Ұлытау облысының әкімдігі мен «Жаңару» қозғалысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастық меморандумына қол қойды
09.11.2024
Ұлытау облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Үміттің алқызыл желкені» фестивалі өтті
09.11.2024Ұлытау облысында «Ұлы дала өнері» және «Өнер патшалығы» байқауларының жеңімпаздары анықталды
«Ұлы дала өнері» және «Өнер патшалығы» байқауларына қатысатын Ұлытау облысының аудандары мен қалаларының көркемөнерпаздар шығармашылығы ұжымдары мен мәдениет мекемелерін қыркүйек айының 8-мен 29-і күндері аралығында түгелдей аралап, саралап келіп екі байқауды да қортындылап, жеңімпаздарын анықтады.
Қорытынды Гала концертке байқау барысында ерекше көзге түскен көркемөнерпаздар ұжымдары мен жеке орындаушылар қазылар алқасының ұсынысымен шақырылды.
Достық үйінің фойэсінде «Қол өнер шеберлерінің көрмесі», оған суретшілер, сәндік қолданбалы өнер шеберлері, зергерлер, өрімшілер, ұсталар сияқты шеберлер қатысты.
Ұлытау облысының аудандары мен қалаларының көркемөнерпаздар шығармашылығы ұжымдарының
«Ұлы дала өнері» атты облыстық байқауының қортындысы бойынша Ұлытау ауданы Жезді кенті әкімінің аппараты ММ Мәдени-сауық орталығының көркемөнерпаздар ұжымы және Жезқазған қаласының Халықтар достығы мен мәдениет үйінің көркемөнерпаздар ұжымы ынталандыру сыйлығына ие болды. Жезқазған қаласының «Ақ әжелер» ансамблі марапатталады.
«Ұлы дала өнері» байқауының III орын иегері Қаражал қаласының мәдени-сауық орталығының көркемөнерпаздар ұжымы. Мәдени мекеме жұмысы демалыссыз қызметімен ғана емес, сан қырлылығымен де ерекшеленеді. Осы салада тек басшысы ғана болмай, өз өнерімен танымал болып жүрген сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз азаматымыз Кадирсизов Азамат Мұратұлы марапатталды.
«Ұлы дала өнері» Байқауының келесі сыйлығы II орын иегері Сәтпаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Шынболат Ділдебаев атындағы кеншілер сарайының» көркемөнерпаздар ұжымы. Сатпаев қаласының Халықтық ансамбль «Самоцветы» марапатталды.
«Ұлы дала өнері» байқауының әділ қазылар алқасының ұжымдарға баға беруі оңайлыққа соққан жоқ, себебі көркемөнерпаздардың орындаушылық шеберліктері бірінен-бірі асып түсіп жатты, сол себептен ұпай сандарының тең түсуіне байланысты екі бірінші орын беруді ұйғарды. Жәйрем кенті әкімі аппаратының «Жәйрем кенті мәдениет сауық орталығының» көркемөнерпаздар ұжымы. Осы ұжымның келесі сыйлығы Жәйрем мәдени-сауық орталығының көркемдік жетекшісі, жас маман – Нұрқожа Бағланға табысталды. І орын иегерлері Ұлытау аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздар ұжымы және арнайы сыйлықпен қолөнерші Азамат Бақия марапатталады.
Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар «Жаңаарқа ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, Жаңаарқа мәдени-сауық орталығының көркемөнерпаздар ұжымы Бас жүлдені иеленді. Тарихы терең, ерлері ерен Жаңаарқа өңірі қашаннан өнерге бай мекен. Дәулескер күйшілер мен күміс көмей әншілер мол шыққан өлке бүгін де өз көрермендерін тума таланттарымен таңқалдыруда.
Олар:
— «Назқоңыр» халықтық фольклорлық-этнографиялық ансамблі. Жетекшісі Қасқатаева Гүлнар.
— «Балдәурен» үлгілі би ансамблі. Жетекшісі Мендібаева Гүлдана.
— «Сәкен серілері» — ҚР Мәдениет саласының үздігі Балтабай Қызыров, ҚР Мәдениет қайраткері Жалын Сыздықов, Республикалық байқаулардың бірнеше дүркін лауреаттары Бейімбет Сарымсақов, Жалын Көпбосынов. Соңымен қатар Жаңаарқа мәдени-сауық орталығының көркемдік жетекшісі Абидинова Сәуле Абайқызы да марапатталды.
«Ең үздік мәдениет үйі» номинациясының жеңімпазы атағымен және 1 000 000 (бір миллион) теңге жүлдемен Ұлытау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қарасты «Ұлытау аудандық мәдениет үйі» КМҚК мекемесі марапатталды. Басшысы — Көпеева Гүлжан Еркінқызы.
«Ең үздік мәдени-сауық орталығы» номинациясының жеңімпазы атағымен және 1 000 000 (бір миллион) теңге жүлдемен Жәйрем кенті әкімі аппаратының «Жәйрем кенті мәдени-сауық орталығы» КМҚК мекемесі марапатталды. Басшысы – Иманбекова Ақмарал Елібайқызы
«Ең үздік ауылдық мәдениет үйі» номинациясы
Бұл номинацияға конкурсқа түскен ауылдық Мәдениет үйлерін саралай келе, ұпай сандары тең түскендіктен қазылар алқасы 2 Мәдениет үйін таңдады.
«Ең үздік ауылдық мәдениет үйі» номинациясы жеңімпазы атағымен және 500 000 теңге жүлдемен Жаңаарқа ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, Түгіскен ауылдық Игілік Омаров атындағы Мәдениет үйі, марапатталды. Басшысы – Батралина Шакира Қарабалаевна
«Ең үздік ауылдық мәдениет үйі» номинациясы жеңімпазы атағымен және 500 000 теңге жүлдемен Жаңаарқа ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, М.Жұмажанов атындағы ауылдық мәдениет үйі марапатталды.
Басшысы – Шегиров Жангелді Серғазыұлы.
«Ең үздік ауылдық клуб» номинациясын таңдауда қазылар алқасы кеңесе келе 2 ауылдық клубқа тоқтады.
«Ең үздік ауылдық клуб» номинациясының жеңімпазы атағымен және 500 000 теңге жүлдемен Ұлытау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қарасты Сарысу ауылдық клубы марапатталды. Басшысы – Дадуов Нұрлан Ниязханович
«Ең үздік ауылдық клуб» номинациясы жеңімпазы атағымен және 500 000 теңге жүлдемен Ұлытау ауданының Шеңбер ауылдық клубы марапатталды.
Басшысы – Омаров Ғабит Тұраович
«Өнер патшалығының» ережесінде қойылған талаптардың бірі: мәдени-сауық жұмысының инновациялық нысандары мен әдістерің еңгізу және интерьер, дизайн тармақтары бар, осы талаптарға байланысты екі ынталандыру сыйлықтарын тағайындау әділ-қазылар алқалары жөн көрді.
Ынталандыру сыйлығы 100 000 теңге жүлдемен Инновациялық жаңалық жасап, ғимарат шатырынан жұмыс кабинеттерін ашып алған Жаңаарқа ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Жаңаарқа ауданының мәдени-сауық орталығы» КМҚК мекемесі марапатталды.
Басшысы — Исина Айгүл Үмбетжанқызы
Ынталандыру сыйлығы 100 000 теңге жүлдемен Стандарттан тыс іс-шара, инновациялық демалыс түрін ұйымдастырған Сәтбаев қаласының «Шынболат Ділдебаев атындағы кеншілер сарайы» КМҚК мекемесі марапатталды.
Басшының орынбасары — Боранов Талғат Еркінұлы










