
Ұлытау ауданында «Көкмайса – ұлттық тағамдар мен салт-дәстүрлер» фестивалі өтті
19.12.2025Ұлытау облысында «Жошы хан және Алтын Орда: тарих, мұра және Ұлы Дала өркениеті» атты халықаралық конференция өтті
Ұлытау облысында «Жошы хан және Алтын Орда: тарих, мұра және Ұлы Дала өркениеті» атты халықаралық конференция өтті
2025 жылғы 27–28 қыркүйек күндері Ұлытау облысы, Жезқазған қаласындағы «Кеңгір» қонақүйінің конференц-залында «Жошы хан және Алтын Орда: тарих, мұра және Ұлы Дала өркениеті» тақырыбында халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтті.
Конференцияға Түркия, Ресей, Башқұрстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінен келген тарихшы және филолог ғалымдар қатысып, Ұлы Дала тарихының өзекті мәселелерін талқылады. Іс-шара жұмысы секциялық отырыстар форматында ұйымдастырылды. Бірінші секцияда Алтын Орда мен Жошы ұлысы кезеңіндегі мемлекеттілік және тарихи-мәдени үдерістер қарастырылса, екінші секция XIII–XIV ғасырлардағы түркі әлемінің музыкалық-фольклорлық мұрасы мен күйші-сазгер Кетбұқа бидің тарихи-мәдени мұрасына арналды.
Конференция аясында Кетбұқа бидің 840 жылдығына арналған республикалық мүшәйра ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. Сонымен қатар «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің «Тамыр» атты концерттік бағдарламасы көрермен назарына ұсынылды.
Іс-шара барысында «Талмас ата және Болған ана: тарихы мен мұрасы» атты көрме ұйымдастырылып, қатысушылар үшін Жошы хан кесенесі, Домбауыл, Алаша хан кесенелері мен Ұлытаудағы Хан Ордасына тарихи-танымдық экскурсиялар өткізілді.
Аталған халықаралық конференция Ұлы Дала тарихын зерделеуге, тарихи мұраны насихаттауға және ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға маңызды үлес қосты.














