
Ұлытау өңірінде Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығы атап өтілді
19.12.2025
Ұлытау облысында мәдениет қызметкерлері арасында достық ойындар өтті
19.12.2025Ұлытау облысында мәдениет пен өнер мерекесі өтті
2025 жылғы 21 мамыр күні Халықтар достығы мен мәдениет үйінде Ұлытау облысы әкімінің мәдениет және өнер қызметкерлеріне арналған салтанатты сыйлық табыстау рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Мерекелік кеш әсерлі театрландырылған көрініспен ашылып, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Салтанатты жиын аясында мәдениет саласында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерге облыс әкімінің атынан марапаттар табысталды.
Концерттік бағдарлама барысында елімізге танымал өнер иелері сахна төрінде өнер көрсетті. Атап айтқанда, жерлесіміз, танымал әнші Нұржан Керменбаев, «Шаншар» театрының әншісі Ғалымжан Ақынбеков, сондай-ақ жас жұлдыз, ерекше дауыс иесі Сәкен Әлімхан көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Мерекелік кешті «Шаншар» театрының актрисасы Ақмарал Сүлейменова мен жүргізуші Төре Шапаев жүргізіп, кештің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты. Сонымен қатар, мерекелік іс-шаралар аясында «Жігер» спорт кешенінде мәдениет қызметкерлері арасында шахмат пен үстел теннисінен достық турнирлер ұйымдастырылды. Спорттық жарыстар сала мамандарының бірлігін нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.
Аталған мереке мәдениет, өнер және спортты ұштастырған мазмұнды әрі әсерлі шара ретінде өтіп, мәдениет қызметкерлерінің кәсіби мерекесін жоғары деңгейде атап өтуге мүмкіндік берді.












