
Ұлытау облысында мәдениет пен өнер мерекесі өтті
19.12.2025
Ұлытау облысында Республика күні аталып өтті
19.12.2025Ұлытау облысында мәдениет қызметкерлері арасында достық ойындар өтті
2025 жылғы 21 мамыр күні Жігер спорт кешенінде Ұлытау облысы бойынша мәдениет қызметкерлері арасында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай достық ойындар өтті.
Шара барысында қатысушылар үстел теннисі мен шахмат ойындары бойынша өзара сайысқа түсіп, шеберлік пен тапқырлықтарын көрсетті. Достық рухта өткен жарыс мәдениет саласы қызметкерлері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.
Ойындар қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапаттармен марапатталды.
Іс-шара аясында Ұлытау облысының тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Табылдин Мәжжан Еренғайыпұлы құттықтау сөз сөйлеп, мәдениет саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ ол қатысушыларға белсенділіктері үшін алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Аталған шара мәдениет қызметкерлері арасындағы бірлік пен достықты арттыруға, кәсіби мерекені мазмұнды әрі пайдалы форматта атап өтуге ықпал етті.










