
Ұлытау облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай керуені» әдеби сапары өтті
19.12.2025
Жезқазғанда «Ұлытау жұлдызы» облыстық балалар шығармашылығы фестивалінің гала-концерті өтті
19.12.2025«Ұлы дала елінің рухани темірқазығы – Ұлытау» атты республикалық ақын-жазушылар семинар-кеңесі өтті
«Ұлы дала елінің рухани темірқазығы – Ұлытау» атты республикалық ақын-жазушылар семинар-кеңесі өтті
2025 жылғы 15–16 мамыр күндері Ұлытау ауданында «Ұлы дала елінің рухани темірқазығы – Ұлытау» тақырыбында республикалық ақын-жазушылардың семинар-кеңесі өтті. Аталған рухани-мәдени іс-шараны «Облыстық мәдени-сауық және шығармашылық ғылыми-әдістемелік орталығы» КМҚК ұйымдастырды.
Семинар-кеңестің басты мақсаты Ұлытау өңірінің рухани-тарихи құндылықтарын кеңінен дәріптеу, шығармашыл қауым өкілдері арасындағы кәсіби байланысты нығайту және әдеби-мәдени үдерістерге серпін беру болды.
Іс-шара бағдарламасына сәйкес семинардың салтанатты ашылуы өтіп, Ұлытау өңірінің тарихи және рухани маңызына арналған мазмұнды баяндамалар тыңдалды. Қатысушылар арасында терең пікірталастар өрбіп, ақын-жазушылар шығармашылықтағы өзара ықпалдастық, әдеби бағыт-бағдарлар мен заманауи үдерістер жөнінде ой алмасты. Қорытынды бөлімде алдағы бірлескен шығармашылық жобаларға қатысты ұсыныстар айтылып, өзара уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Семинар барысында қатысушылар «Ұлы дала елінің рухани темірқазығы – Ұлытау» ұғымының мән-маңызын жан-жақты талдап, бұл қасиетті өлкенің қазақ әдебиеті мен өнеріндегі айрықша орнына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, республикалық деңгейдегі шығармашылық диалог алаңдарын жүйелі түрде ұйымдастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара қорытындысында семинарға қатысушылар мұндай рухани-мәдени кездесулердің елдік сананы нығайтып, ұлттық рухты көтерудегі рөлін жоғары бағалап, болашақта ортақ шығармашылық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.










