
2024 жылдың 27 желтоқсанында Жезқазған қаласында Алғашқы құрылысшылар алаңында Ұлытау облысының бас шырша жағу салтанаты өтті
25.02.2025
Тәуелсіздік монументі жанында Желтоқсан құрбандарын еске алу рәсімі өтті
19.12.20252025 жылдың 8 наурызы – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
2025 жылдың 8 наурызы – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
2025 жылдың 8 наурызында Ұлытау облысында Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Еңбек адамының жылы» деп жариялауына байланысты ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына адал еңбегімен үлес қосып жүрген ондаған аналар мен қыз-келіншектерге облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың «Құрмет грамоталары» және «Алғыс хаттары» табысталды. Бұл марапаттар еңбек адамына көрсетілген ерекше құрметтің айқын көрінісі болды.
Салтанатты кеш мерекелік концертке ұласты. Концерт аясында Ұлытаулық ардақты аналар мен аруларға қазақ эстрадасының жұлдызы Жігер Ауыпбаев және Шымкент қаласының «10+» театры өз өнерлерін көрсетті. Әсерлі әндер мен мазмұнды қойылымдар көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.
Аталған іс-шара әйел-аналардың қоғамдағы рөлі мен еңбегін дәріптеуге, оларға деген зор құрметті білдіруге арналды.












