
Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Облыстық мәдени-сауық және шығармашылық ғылыми-әдістемелік орталығы» КМҚК-ның сайтына қош келдіңіздер. Сіздердің назарларыңызға орталықтың және Ұлытау облысының мәдени-сауық ұйымдары мен шығармашылық ұжымдарының қызметі туралы толық ақпарат ұсынылған.
Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы 2023 жылдың айында құрылды. Орталықтың басшысы – Жолашарова Гульнур Данбаевна.
Облыстық мәдени-сауық және шығармашылық ғылыми-әдістемелік орталығы қызметінің басым мақсаттары мен міндеттері:
- Мемлекеттік клуб жүйелеріне, ұлттық мәдени орталықтарға, қоғамдық бірлестіктерге және жеке тұлғаларға әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру;
- Тәжірибелік жұмыстарды жетілдіру, халық шығармашылығының кеңінен дамуына ықпал ету;
- Облыстағы клуб мекемелеріне әдістемелік-тәжірибелік көмек беру;
- Тұрғындарға мәдени-демалыс қызметінің тиімділігін арттыру, аудандық және ауылдық клубтарға жаңа әдістемелер ұсыну.
Мәдениет үйлері мен клубтардағы көркемөнерпаздар ұжымдарының репертуарларын байыту мақсатында жаңа шығармаларды көркемөнерпаздарға жеткізеді және олардың өнерін насихаттау үшін түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырады.
Талант иелерін әртүрлі деңгейдегі өнер фестивальдары мен конкурстарға қатысуына ықпал етеді.
Ауыл мәдениетін көтеру мақсатында ауыл өнерпаздарына арналған байқаулар мен фестивальдар, жас ақындардың айтыстары, тақырыптық кештер, пікірталас кештері және дөңгелек үстелдер ұйымдастырып өткізеді.