
«Ұлытау үні» фестивалінде Ш.Ділдебаевтың құрметіне арналған термешілер байқауы өткізілді»
09.11.2024
«Қорабай Есеновтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті»
09.11.2024«Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығына арналған күйшілер бәйгесінде жеңімпаздар анықталды»
Халық шығармашылығының Республикалық ХХХІ Дәстүрлі «Ұлытау үні» фестивалі аясында өткен қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығына арналған күйшілер бәйгесінің қазылар алқасының құрамы: Жүзбай Жанғали — төраға, Сәдуақасов Жалғас, Хамзин Нұрлан, Рахимов Әбдірасыл, Шекимов Уалихан.
Сайыс екі кезеңнен өтті
Бірінші кезең:
1) Құрманғазы. «Ақбай». Міндетті орындау.
2) Құрманғазы. «Төремұрат». Міндетті орындау.
3) Құрманғазының бір күйі. Өз қалауы бойынша орындау.
Екінші кезең. Бұл кезеңге бірінші кезеңнен іріктеліп 8-10 күйші өтті.
1) Құрманғазы «Серпер». Міндетті орындау.
2) Дина «Бұлбұл». Міндетті орындау.
Қазіргі заман күйшілерінің төкпе күй үлгісіндегі бір күйі.
Қазылар алқасының шешімі бойынша күйшілер байқауына келесідей жүлделі орын берілді:
Бас жүлде – Достиярова Бекзада (Ұлытау обл. Жезқазған қаласы) – 500 000;
1 Орын – Жұмағалиев Қайрат (Астана қаласы) – 400 000;
2 Орын – Абухан Тұрлыхан (Орал қаласы) — 150 000;
2 Орын – Матжан Нұрасыл (Алматы қаласы) -150 000;
3 Орын – Оңғар Дәулет (Шымкент қаласы) – 100 000;
3 Орын – Әлкен Марғұлан (Астана қаласы) -100 000;
Дәулетбаев Арыстан, Абдужаббаров Сундет, Нурмаганбетов Нартай, Жаншин Даулет наминант атанды – 100 000 теңге сыйақыға иеленді.
Барлық қатысушыға гүл шоқтары мен дипломдар табысталды.












