
Республика күні мерекесіне орай Ұлытау облысында салтанатты іс-шара өтті
09.11.2024
Әбдіуахит Елібаевтың 70 жылдығына арналған «Өнерді өміріне серік еткен» шығармашылық кеші өтті
09.11.20242023 жылдың 10 қараша күні «Жұлдыздар Жезқазғанда» жобасы аясында, театр және кино өнерінің сахна саңлағы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» және «Парасат» орденінің иегері, Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің профессоры Меруерт Өтекешовамен «Қазақтың Қыз Жібегі» атты кездесу кеш-концерті өткізілді.
Кездесу кеші мәнерлеп өлең оқумен және ұлттық киім киген қыздардың дефилесімен басталды.
Елдің «Қош келдіңіз» деген ыстық ықыласын жеткізер құттықтау сөз Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әнуар Серікбайұлына беріледі.
Кеш барысында бүкіл қазақтың сүйікті кинотуындысына айналған «Қыз Жібек» фильмінен үзінділер көрсетілді. Көрермендер ыстық ықыласын білдіріп, көкейде жүрген сұрақтарын қойды.











