
«Орталық» пен «QAZAQTANU» институты арасындағы ынтымақтастық меморандумы
09.11.2024
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған марапаттау рәсімі
09.11.2024Облыстық мәдени-сауық және шығармашылық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 22-наурыз күні сағат 10.00-ден бастау алған «Көш керуен» жаппай шеруін ат мінген «жаршылар», «батырлар» кейпіндегі кейіпкерлер бастап, көшті «Жер-Ана» кейіпкері мен «Ақ әжелер» ансамблінің мүшелері жалғастырды. Сал-серілер, әнші-күйшілер сынды өнерпаздар ұлттық аспапта тақырыпқа сай әуендер шырқап, көш соңын мейрамның басты кейіпкері «Наурыз-қыз» жалғастырып, кейіпкерді қызғалдақ үлгісіндегі көйлек киген ару қыздар «тірі дәліз» түрінде сүйемелдеп, көштің көркін келтірді.
100-ге жуық адамнан жасақталған жаппай шерудің соңы Алаш алаңындағы салтанатты іс-шарамен жалғасын тапты. Іс-шараның шымылдығын хореографиялық композициясымен би ансамблі ашты.
Көпшілік іс-шараның ІІ бөлігі Наурыз мейрамының басты кейіпкерлерінің қатысуымен театрландырылған көріністен бастау алып, Қыдыр бабаның батасынан кейін салтанатты бөліммен жалғасын тапты.
Салтанатты бөлім облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлының құттықтау сөзімен басталды. Облысымыздың қонақтары, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Медебаев Советбек Тұрсынұлы мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сатыбалдин Ерболат Жалғасбайұлы қала тұрғындары мен қонақтарына ыстық лебіздерін білдірді.
Концерттік бағдарламада елімізге белгілі эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп. Облыстық филармония мен халықтар достығы мен мәдениеті үйінің өнерпаздары мереке көркін қыздырды.



