
Ұлытау облысының орталығында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті
19.12.2025
«Ұлы дала елінің рухани темірқазығы – Ұлытау» атты республикалық ақын-жазушылар семинар-кеңесі өтті
19.12.2025Ұлытау облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай керуені» әдеби сапары өтті
Ұлытау облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай керуені» әдеби сапары өтті
Ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Ұлытау облысында 2025 жылдың 4–10 тамыз аралығында «Абай керуені» атты облыстық әдеби сапар ұйымдастырылды. Әдеби сапардың мақсаты – ұлы ақынның бай рухани мұрасын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және өңір тұрғындарының мәдени-рухани өмірін жандандыру болды.
Әдеби сапардың басталуы
4 тамыз күні Жезқазған қаласындағы Абай ескерткіші жанында «Абай керуені» әдеби сапарын шығарып салу рәсімі өтті. Іс-шара барысында Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы М.Е. Табылдин құттықтау сөз сөйлеп, керуен мүшелеріне сәттілік тіледі.
Сондай-ақ Жезқазған қаласының және Ұлытау ауданының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері Сағындық Үсенұлы Қожамсейтов, Қарағанды облысы мен Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, «Қазақмыс» корпорациясы Ардагерлер ұйымының төрағасы, техника ғылымдарының кандидаты Төлеген Нұрмағанбетұлы Бүкіров, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері Ғазиз Елеусізбайұлы Ештанаев құттықтау лебіздерін білдірді.
Концерттік бағдарламада Ардақ Мұқышев дәстүрлі ән орындап, ақын Жанат Әбдіғожин арнауын оқыды. Сонымен қатар Дүйсен Мөлдір, Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары Дулатұлы Алихан, Бәкір Мерейім, Бақыт Айбек, Кажмаганбетова Айханым Абай өлеңдерін оқыды. Іс-шара Жандос Сұлтан мен Еламан Зәйнидің «Ұлытау» әнін орындауымен қорытындыланды.
Әдеби сапар бағыттары
«Абай керуені» әдеби сапары Ұлытау ауданынан бастау алып, керуен мүшелерін аудан әкімі Аманжол Батырбекұлы Мырзабеков бастаған аудан жұртшылығы салтанатты түрде қарсы алды. Ауданда Абай әндерінен концерт және «Абай – ұлттың ұлы ұстазы» атты танымдық кеш өтті.
5 тамыз күні әдеби сапар Жаңаарқа ауданына жалғасты. Аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы Абай оқуларын ұйымдастырып, оқырмандар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар аудандық мәдени-сауық орталығы «Әлем таныған кемеңгер» атты әдеби-сазды кеш өткізді.
Одан кейін «Абай керуені» Қаражал қаласына барды. Мұнда қалалық мәдени-сауық орталығы мен орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастырған көрме мен әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шара барысында Абай мұрасы кеңінен насихатталып, ақынның өлеңдері, әндері мен күйлері орындалды.
6 тамыз күні әдеби сапар Жәйрем кентінде жалғасын тапты. Жәйрем кенті әкімінің аппараты мен «Жәйрем кенті мәдени-сауық орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты әдеби-сазды кеш өтіп, көрермендерге рухани тағылым сыйлады.
Қорытынды іс-шаралар
9 тамыз күні Жезқазған қаласындағы Амфитеатр сахнасында (Ротонда) «Абай – дара, Абай – дана қазақта» атты сенбілік концерт өтті. Театрландырылған қойылыммен басталған кеште Абайдың өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Іс-шара барысында Ұлытау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары М.Ф. Мұқажанов «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты ақындар мүшайрасының қатысушыларын марапаттады.
10 тамыз күні Жезқазған қаласындағы Абай ескерткіші жанында Ұлы Абайды ұлықтау күніне арналған гүл қою рәсімі және «Абай керуені» әдеби сапарының қорытынды іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Жұманазарқызы Ақылбекова құттықтау сөз сөйлеп, облыстық мүшайра жеңімпаздарын марапаттады.
Мүшайра нәтижесі бойынша:
• Бас жүлде – Жанат Әбдіғожин (Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының ұстазы);
• І орын – Мусин Қанат (Жезқазған байыту фабрикасының қызметкері);
• ІІ орын – Абай Ораз (Жезқазған қаласы);
• ІІІ орын – Мұхиден Боткөз (Ұлытау ауданы), Егеубай Гүлім (Алғабас ауылы).
Марапат иегерлері өз өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар Ұлытау облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, абайтанушы Бекболат Байекеұлы Есенов құттықтау сөз сөйлеп, іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Әдеби сапар Абай ескерткішіне гүл қою рәсімімен аяқталды.
«Абай керуені» әдеби сапары Ұлытау өңірінде кең көлемде өтіп, Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында ұлы ақынның рухани мұрасын кеңінен насихаттаған тағылымды әрі мазмұнды мәдени жоба ретінде жоғары деңгейде жүзеге асырылды.



