
«Ұлы дала елінің рухани темірқазығы – Ұлытау» атты республикалық ақын-жазушылар семинар-кеңесі өтті
19.12.2025
Ұлытау облысында ақ әжелер ансамбльдерінің І облыстық фестиваль-байқауы өтті
19.12.2025Жезқазғанда «Ұлытау жұлдызы» облыстық балалар шығармашылығы фестивалінің гала-концерті өтті
Жезқазғанда «Ұлытау жұлдызы» облыстық балалар шығармашылығы фестивалінің гала-концерті өтті
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында Балалар шығармашылығының ІІ облыстық «Ұлытау жұлдызы» фестивалінің гала-концерті ұйымдастырылды.
Гала-концертке Ұлытау ауданы, Сәтпаев және Жезқазған қалаларынан, сондай-ақ Жәйрем мен Жезді кенттерінен 90-ға жуық дарынды балалар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Фестиваль аясында жас өнерпаздар үшін мазмұнды бір күндік мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылды. Қатысушылар Қ.И. Сәтпаев атындағы мұражайға, «Лимпопо» ойын-сауық орталығына барып, С. Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ музыкалық-драма театры сахналаған «Мен неге қорқамын» атты спектакльді тамашалады.
Фестиваль қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға «Ұлытау жұлдызы – 2025» жазуы бар арнайы статуэтка табысталып, дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Аталған шара жас таланттарды қолдауға, балалар шығармашылығын дамытуға және облыстағы мәдени өмірді жандандыруға бағытталған маңызды мәдени іс-шара ретінде жоғары деңгейде өтті.












