
Ұлытау облысында мәдениет қызметкерлері арасында достық ойындар өтті
19.12.2025
Ұлытау облысында мәдениет үйлері қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтті
19.12.2025Ұлытау облысында Республика күні аталып өтті
2025 жылдың 25 қазаны күні Ұлытау облысында Республика күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті.
Салтанатты жиында облыс әкімі Дастан Адайұлы Рыспеков құттықтау сөз сөйлеп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және ел игілігіне елеулі үлес қосқан азаматтарды мемлекеттік және салалық наградалармен марапаттады.
Марапат иегерлері алды:
• «Құрмет» және «Парасат» ордендері;
• «Ерен еңбегі үшін» және «Еңбек даңқы» медальдары;
• Құрмет грамоталары;
• көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградалары.
Мерекелік шара барысында Нұрғиса Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрі «Көңілашар», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Кішкентай», «Көш-керуен», «Молдабай», «Қазағым-ай», «Бозінген», «Бақыт құшағында», «Биші қайың», «Ақсақ құлан», «Аққу», «Өз елім» шығармаларын орындап, ән мен күйден шашу шашты.
Сондай-ақ, Тайжан Қалмағанбетов атындағы Ұлытау облыстық филармониясының әншілері Бексұлтан Барақбай және Жандос Сұлтан Нұрғиса Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық оркестрмен бірге «Ұлытау» және «Сарыжайлау» әндерін шырқады. Концерттік бағдарламаның соңында «Атамекен» әні орындалып, жиналған қауым орындарынан тұрып, қосылып орындады.
Мерекелік іс-шара Республика күнінің маңыздылығын дәріптеп, өңір тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.












