Халықтар достығы мен мәдениеті үйі 1991 жылы құрылды.

Мекеменің миссиясы мен міндеттері :

Өңір мәдениетін сақтау және дамыту, халық шығармашылығын қолдау.

Міндеттері:

  • Жастар мен үлкендерге арналған өнер үйірмелерін дамыту
  • Ұлттық дәстүрлер мен мерекелерді насихаттау
  • Шығармашылық ұжымдарды қолдау
  • Мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
  • Ауылдық клубтармен әдістемелік ортақ жұмыс жүргізу

 

Халықтар достығы мен мәдениеті үйінің қызметтік бағыты  - мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру, өнер үйірмелері, халықтық дәстүрлерді насихаттау, ауылдық клубтарды әдістемелік қолдау және т.б.

 

Халықтар достығы мен мәдениеті үйінің Жезқазған қаласының мәдени өміріндегі рөлі - өңір тұрғындарының мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, халық шығармашылығы мен өнерін дамытуға бағытталған мәдени орталық.

 

Мекеме құрамында 5 ауылдық клуб жұмыс жасайды. Олар ауыл тұрғындарына өнер үйірмелерін, ұлттық салт-дәстүрге негізделген мәдени шаралар мен қоғамдық кездесулер ұйымдастырады.

Сейтжапбаров Батырлан Мұхтарұлы
Халықтар достығы мен мәдениеті үйінің басшысы

Қызмет жолы:

2006-2007 жж. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жезқазған тустімет» ӨБ-нің  ОЖҚ 65 шахатасында телім басшысы;

2008-2011 жж. Сәтбаев қаласының мәдени-сауық  орталығы ҚМҚК -ның музыкалық жетекшісі, театрландырылған үйірме жетекшісі;

2011-2012 жж. «Отбасы түріндегі балалар үйі» ММ Еңбек инструкторы, директор орынбасары;

2013-2021 жж. « Ш. Ділдебаев атындағы мәдениет және шығармашылық орталығы » КМҚК жалпы сұрақтар бойынша директор орынбасары, директор міндетін атқарған;

2021-2022 жж. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС еңбеккерлерінің «Jastar Bolashaq» жастар одағы ҚБ Шығыс Жезқазған кеніші бойынша төрағасы;

2022-2023 жж. «Аманат партиясы» Сәтбаев қалалық филиалының атқарушы хатшысы, Сәтбаев қалалық маслихатының 8 -ші шақырылымының депутаты;

2025 жылдың 14 қаңтарынан бастап «Жезқазған Қалалық халықтар достығы мен мәдениеті үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының басшысы.

Біздің ұжым / Шығармашылық құрам:

Хореография ұжымы – «Шашу» халықтық би ансамблі.

Жетекшісі: Бекжанова Жанна Айтбековна.

2016 жылы Алматы қаласында өткен VІ Халықаралық балалар шығармашылығы «Тау күні» конкурсында І орын  кубогін иеленді.

Сонымен қатар «Шашу» ансамблі мерекелік мәдени іс-шараларда   өздерінің әсем билерімен халық ризашылығына бөленіп жүр. Ансамблдің  жоғары топ бишілерінің орындауындағы қазақ, тәжік, түрік, үнді билері мен  кішкентай топ бишілері қазіргі заман билерін шебер орындайды. Жыл сайын ансамбль қала тұрғындары алдында жаңа концерттік бағдарламамен   шығармашылық есептік концертін береді.

«Шашу» ансамблінің жетекші-балетмейстері Бекжанова Жанна  Айтбекқызы жоғары білімді маман. 

2018 жылы Түркия астанасы Стамбұл қаласында өткен әлемнің 26 мемлекетінің өнерпаздарын жинаған өне додасында үздікатанып  келді.   

2019 жыл ІІ Республикалық «Шашу» өнер фестивалінде І орынға ие болды. 2020 жылы ІІ «Big stars KZ» аймақтық конкурсында Бас жүлдеге ие болды.

2021 жыл «Шашу» халықтық ансамблі наурыз айында Республикалық «Дарынды дарабоз» байқауында: жоғары топ бишілері Бас жүлде орта топ бишілері І орынға ие болды.

2021 жылдың маусым айында  «Шашу» халықтық ансамблінің жоғары топ  бишілері Түркістанда өткен «TUPKISTAN MUSIС FESTIVAL» Халықаралық   фестиваль-конкурсында Гран-При жүлдесіне ие болды.

«Шашу» ансамблінің ХДМҮ-нің үшініші қабатында дайындық залы, киім  сақтайтын бөлмесі, дайындық жүргізуге арналған музыкалық орталық бар.

2024 жылы Жезқазған қаласының 70 жылдығына арналған "Өнер fest" фестивалінің хореография жанры бойынша "Халықтар достығы мен мәдениеті үйінің" "Шашу" халықтық ансамблі 2 орынды иеленді.

2024 жылы Серке Қожамқұлов атындағы театрда Ұлытау облысының аудандары мен қалаларының көркемөнерпаздар шығармашылығы ұжымдарының облыстық «Ұлы дала өнері» байқауына Халықтар достығы мен мәдениеті үйінің атынан «Шашу» халықтық би ансамблі, жетекшісі Бекжанова Жанна «Үздік би ансамблі» номинациясын жеңіп алды.

2025 жылы «Көркемөнерпаздар ұжымының үздік жетекшісі» номинациясымен марапатталды.

Дәстүрлі ән үйірмесі

Жетекшісі: Максутов Мадияр Ардақұлы.

2024 жылдан бастап Жезқазған қаласының Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде «Дәстүрлі ән» үйірмесінде жетекіші болып жұмыс жасауда.

Өнер жолында өзін еңбекқорлығымен, ізденімпаздылығымен, мейірімділігімен, дарындылығымен көзге түсіп ғана қоймай әнді нақышына келтіріп айтады. Көптеген конкурстардың жүлде иегері.

 V республикалық “Ұлытаудан қанат қаққан ақын Тайжан” атты дәстүрлі ән байқауында әріптесіміз “Дәстүрлі ән” үйірмесінің жетекшісі Максутов Мадияр Ардақұлы I орын иегері атанды.

  • Театр студиясы – ашылу жоспарында.

Хор/вокал тобы – «Ән мен әнші» вокал үйірмесі.

Жетекшісі: Несіпбаева Перизат Амангелдиевна

2008 жылы Қызылорда қаласында өткен К. Дүйсекеев атындағы бірінші Республикалық конкурсына қатысып, дипломант атанды. 2008 жылы дарынды сазгер, әнші Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ж. Сейлов әндерін орындаушылардың облыстық сайысында көрсеткен жоғары шеберлігі үшін бас жүлдемен марапатталды. Сол жылы Астана қаласының 10 жылдығына арналған «Жұлдыз 2008» эстрада әншілерінің Республикалық конкурсына қатысып өнер көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталды.

2012 жылы Қ.Р. халық қаһарманы КСРО халық әртісі Роза Тәжібайқызы Бағланова атындағы Республикалық «Ақ маңдайлым» атты әншілер конкурсына қатысып, дипломмен марапатталды.

2013 жылы Қарағанды облысы мәдениет басқармасының «Эстрадалық жанрының жыл вокалисті» номинациясының иегері.

2015 жылы талантты өнерпаз П.Несіпбаева «Арманыма асығамын» атты шоу концертін Жезқазған тұрғындарына ұсынды.

2017 жылы Жезқазған қаласы әкімінің «Жыл әншісі» номинациясының иегері, осы жылы Қ.Р. президентінің болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткізілген II Халықаралық «Тарбағатай жұлдыздары» ән фестивалінің екінші орын иегері.

2019 жылы С. Сейфуллиннің 125 жылдығына орай облыстық конкурсының 2 орын иегері.

2022 жылы әнші, Қазақстан және КСРО – ның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «Ақ маңдайлым» облыстық вокалдық байқауының 2 орын иегері.

2024 ж ҚР «Мәдениет саласының үздігі», Ұлытау облысының «Жыл әншісі».

«Ақ әжелер» ансамблі.

Жетекшісі: Бижігітов Жақсыбек Сайлауұлы.

2019 жылы Сатпаев қаласында өткен аймақтық «Әуені әсем әжелер» атты фестивальге қатысып өнер көрсетіп Алғыс хат және сыйлықтарға ие болды.

2021 жылы Ұлытау ауданыныда өткен аймақтық «Әуені әсем әжелер» атты фестивальге қатысып өнер көрсетіп, Алғыс хат және 20 000тг сертификатына ие болды.

2022 жылы ансамбльдің 30 жылдығына орай «Әжелер ән шырқайды» есеп беру концертінде халықтың ыстық ықыласына бөленіп облыс, қала әкімдерінің, «Аманат» партиясынан алғыс хаттар алды.

2024 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында 6-наурыз күні өткен “Әжелер салған ән қандай!” атты республикалық байқауда Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы Халықтар достығы мен мәдениеі үйінің “Ақ әжелер” ансамблі жүлделі 1-ші орынға ие болды.

«Жезқазған маржандары» ардагерлер хоры.

Жетекшісі: Кузьмина Алина Николаевна.

Әндер репертуары кең ауқымды. 2010 жылдан бері ардагерлер хоры қаланың барлық іс-шараларына белсенді қатысуда. Әр жыл сайын ардагерлер хоры облыс аумағында қала, ауылдарды аралап өз өнерлерімен халықты қуантуда. Хор ардагерлері үнемі ізденіс пен даму үстінде жүреді. Сондықтанда хор ардагерлері үнемі марапаттар мен сыйлықтарға ие болып жүру үстінде.

Жастар клубы – ашылу жоспарында.

Байланыс

  • Мекенжай – Жезқазған қаласы, Алаш алаңы 3.
  • Телефон – 8(7102)736118, 735945
  • E-mail – jezddkn@mail.ru
  • Жұмыс уақыты – 9.00-18.00 демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
  • Google картаға сілтеме - https://maps.app.goo.gl/Y6v6Gbur95ohSEQYA